Ақтөбеде жұмыс орнынан жоғалған
әскери қызметкер әлі табылған жоқ. Сержантқа іздеу жарияланғанына 12 тәуліктен
асты. Жоғалған Арман Сұрағановтың шарасыз күй кешкен жақындары бүгін
қаладағы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге баса-көктеп келді. Олар басшылықтан
тұшымды жауап ала алмағандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүр екендерін айтты.
Оның үстіне Арман Сұрағановтың із-түссіз кетуіне жұмыс орнындағы кикілжіңдер
себеп болуы мүмкін деп санайды.
Қарагөз Арғынбаева.
А.Сұрағановтың зайыбы:
Осы военкоматтың ішінде осы
бірінші де емес, соңғы да емес. Бұған дейін де әйел адамдарды да ұстаған, ер
адамдарды да орнын босату үшін неше түрлі бәлелерге барған. Сол іс сол күйінде
жабылып қалған. Сол Арманға білмеймін, бір махинацияларын мойнына іліп жібергісі
келіп тұрған болар. Сол үшін ұстап отырған болар.
Әскери бөлім басшылығы
мұндай айыптаулармен келіспейді. Күштеп ұстау туралы айыпты жоққа шығарды. Олар
тергеу барысында анықталған ақпаратпен де бөліскен.
Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Полицияға бірнеше адам
хабарласып, саяжай аумақтарынан осы жоғалып кеткен адамға ұқсас азаматты
көргені жөнінде ақпартты түсірген. Сол себепті барлық іздеуші топтар, жедел
тергеу тобының іздеу жұмыстары саяжай аумағына жұмылдырылды.
Мансұр ЕСҚОЖИН