Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мен Қазақстан заңнамасында нені өзгерткім келеді?" атты байқау жеңімпазы анықталды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1542

"Мен Қазақстан заңнамасында нені өзгерткім келеді?" атты байқау жеңімпазына 1,5 миллион теңге бұйырды. Ол Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының бірінде жұмыс істейтін заңгер Гүлжазира Ілиясова. Бүгін жеңімпаздар Парламентте салтанатты түрде марапатталды. Екі ай ішінде мыңнан астам жұмыс сараптаудан өткен. Атсалысқандардың басым бөлігі заңгерлер.

"Энергия тиімділігін арттырудың қарапайым тәсілін" ұсынған Александр Сизовқа 700 мың, "Әлеуметтік-құқықтық ыңғайлы жағдай туғызу"-ды зерттеген семейлік Олеся Абраменкоға бір миллион теңге тапсырылды. Ал бас жүлде иесі қазақша бірыңғай заңнама терминологиясын бекітуді ұсынған. Ол заңда әр түрлі синонимдердің қатар қолданылуы адамды шатыстырады деп есептейді.

Гүлжазира Ілиясова, бас жүлде иесі:

Әрбір үш ай сайын жиналып тұрамыз деді. Біздің бүгінгі ұсыныстарымыз аяқ асты қалмайды. Заңнаманы қабылдаған кезде автордың ұсынысын ескеріп, автордың қатысуымен талқылаймыз деді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ