Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО-ның Көкбұлақ кентінің тұрғындары денсаулықтарының нашарлауына шағымдануда

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1734

Оңтүстік Қазақстан облысының Көкбұлақ кенті тағы да даудың ортасында қалды. Жергілікті тұрғындар денсаулықтары нашарлай түсті деп шағымданып жатыр. Айтуларынша, бұған аумаққа төгілген улы зат кінәлі.

Еске салсақ, мамырдың басында бұл жерде жүк пойызы апатқа ұшыраған болатын. Бірнеше вагон аударылып, елді мекен маңына күкірт қышқылы төгілді. Біздің тілшілерімізге берген сұхбатында өңір дәрігерлері аллергия мен құрғақ жөтелге күкірт қышқылы себеп болуы мүмкін деген болжамдарын жасырмады. 

Көкбұлақ орталығына келген жылжымалы медициналық бекетке келушілердің қарасы қалың. Дәрігерлердің кезекшілік еткеніне осымен екінші апта болды. Тұрғындардың дені қан қысымы жоғарылап, бас ауруы мен құрғақ жөтелге шағымдануда. Базаргүл Базарбаеваның сөзінше, денсаулықтағы кінәрат осы маңға күкірт қышқылы төгілгелі бері басталған.

Базаргүл Базарбаева, Көкбұлақ ауылының тұрғыны:

Все тело покрылось такими красными пятнами. Мне сделали укол, но они не проходят. Продолжает чесаться. И в горле постоянно першит, живот болит. У меня никогда не было аллергии. Я считаю, что это из-за ядовитого вещества, которое тут разлили.

Ірі теміржол апаты мамырдың 5-інде болды. Тауар тиелген пойыз жолдан тайып, күкірт қышқылы құйылған 8 цистерна аударылды. Оқыс оқиға елді мекеннен 100 метр жерде болған. Құтқарушылар мың жарымға жуық тұрғынды аумақтан көшірді. Бірер күннен соң бұқара баспаналарына оралды. Бірақ қауіп сейілмеген секілді. Мұны дәрігерлер де растайды.

Бейсенгүл Хайдуллаева, жедел медициналық жәрдем қызметінің дәрігері:

Люди говорят, что раньше такие болезни их не беспокоили-сейчас у многих сухой кашель, аллергические проявления. Я как специалист считаю, что причиной могла стать серная кислота. Недавно поднялся ветер, количество пациентов тут же увеличилось.

Тұрғындар сәл жел тұрса болды, үйлеріне қашатындарын айтады. Бірден есік-терезелерін тұмшалап, қорғанудан басқа амалдары жоқ.

Анаргүл Төреханова, Көкбұлақ ауылының тұрғыны:

Грунт они поливают тогда, когда мы начинаем скандалить! А будем молчать, наверное, задохнемся от этого ужасного запаха. У нас тут постоянно ветер гуляет. Камазы, конечно, вывозят ядовитый песок, но не так быстро, как хотелось бы. А ведь у нас дети, внуки. Приходится их дома запирать.

Құтқарушылар болса, күкіртті тазарту жұмыстарының қарқын алғанын айтады. Осы күнге дейін 2500 текше метрге жайылған улы топырақ шығарылған. Әлі 700 текше метр аумақ қалып отыр.

Еркін Сарыбаев, Шымкент қалалық ТЖ басқармасының басшысы:

Завтра после завершения вывозки зараженного грунта, прибудет экологическая и санэпидемиологическая экспертиза, определит остаток зараженного грунта там, если остаток не обнаружится, то будет работа по рекультивации данного участка.

Апаттан кейін СЭС мамандары үш мәрте химиялық анализ алған. Оның қорытындысы алдағы күндері жарияланбақ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ  Жанат ТОХТАРБАЙ