Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Ресей ортақ әуе кеңістігін құратын болды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2014
  • 948

Қазақстан мен Ресей ортақ әуе кеңістігін құратын болды. Тиісті құжатты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ратификациялады. Жаңа органның бас кеңсесі Алматыда орналаспақ. Ол қос елдің аумақтық тұтастығын қамтамыз етуге қызмет етеді.

Еске салайық, НАТО да Орталық Азияда өз позициясын күшейтуге бел шеше кірісті. Альянс хатшысы Джеймс Аппатурия НАТО мамандары өзбек әскерилерін терроризмге қарсы күресуге оқытатынын мәлімдеді. Жуырда әскери ұйым Өзбекстанда өз бөлімін ашқан. Өз кезегінде Ресей де Қырғызстан мен Тәжікстанда әскери базасын жасақтап жатыр. Осылайша Ресей мен НАТО Ауғаныстаннан төнетін қауіптің бетін қайтаруға әрекет етіп жатыр.