Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина ТМД құрамынан шығу үдерісін бастады

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2014
  • 822

Жаңадан сайланған Украина президенті Петр Порошенко Ресеймен Қырым түбегі үшін соттаспақ. «Басты саяси міндетім - Қырымды қайтару, өйткені ол Украинаға тиесілі», - дейді ол.

Дегенмен, президент әуелі көгілдір отын үшін берешегін қайтарудың қамын ойластыру қажет. Еурокомиссия да осыны талап етуде. Бұл жайында неміс радоистанциясы арқылы энергетика жөніндегі еурокомиссар Гюнтер Эттингер мәлім етті.

Еске салсақ, «Нафтогаздың» «Газпром» алдындағы берешегі 3,5 миллиард долларға жетті. Мәскеу, көп ұзамай қарыз қайтарылсын, деп талап етуде. Бүгінгі таңда Киев берешегін қайтаруға қауқарлы. Халықаралық валюта қоры Украинаға 17 миллиард доллар аударған. Дегенмен, билік газ үшін қарызын қайтаруға асығар емес. Премьер-министр Арсений Яценюк бағаның түсіп, текше метріне 268 долларға жетуін қалайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА