Русский Сайттың толық нұсқасы

70% мектеп түлектері ҰБТ тапсыруға тіркелді

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2014
  • 1042

Жыл сайын дауға айналатын қисынсыз сауалдар биыл Ұлттық тестте болмайды. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осыны мәлімдеді. Маусымның 2-сі мен 9 аралығында елімізде Ұлттық бірыңғай тест өтеді. Биыл 133 мың жас түлектің 70 пайызы тест тапсыруға тіркелген. Олардың 63 мыңы қазақ тілінде, қалған 28 мыңы орыс тілінде тапсырады. Республика бойынша емтихан 155 пунктте өтеді. Министрдің сөзінше, сұрақтар базасында 14 пән бойынша 170 мың сауал бар, олардың 14 мыңы биыл жаңарды.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Жыл сайын жалпы сұрақтардың жарты пайызы қисынсыз болғандықтан, өзгертіліп отырады. Соншалықты көп емес. Енді биыл мен сұрақтардың барлығы сапалы болады деп сенемін, сенімдімін.

Республика бойынша биыл 34 мың оқу гранты бөлініпті. Оның басым көпшілігі техникалық салаға тиесілі. Атап айтсақ, 12 мыңы техникалық мамандықтарға, 5 мыңы педагогикалық, ал 2600 грант ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ