Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда 10 жылға жуық құлдықта болған азамат босатылды

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2014
  • 1186

Маңғыстау облысында 10 жылдан астам уақыт еріксіз құлдықта болған адам босатылды. 65 жастағы Дмитрий Хианидидің ұлты грек. Ол Қазақстанда 80-ші жылдардан бері өмір сүріп келеді.

Жапа шегушінің айтуынша, әйелі мен баласы бақилық болғаннан кейін ол жергілікті кәсіпкердің мал бағушысы қызметіне орналасқан. Алайда бірнеше жыл өткеннен кейін ол өзінің тұзаққа түсіп қалғандығын түсінген. Тіпті, бірнеше рет қашпақ болған, бірақ ферма қожайыны оны кері қайтарып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген көрінеді.

Жылдар бойы жапа шеккен азамат жуырда ғана босатылып шықты. Оның аяғы іске жарамсыз болып қалғандықтан, ескі «қожайыны» Дмитрийді Жаңаөзендегі ауруханаға апарып тастаған.

Дмитрий Хианиди:

Мені тапқан кездер де болды. Барлығы 10 жыл бойына құлдықта жүріппін. Ол маған 1000 доллар уәде еткен. Мен айттым, қанша ш
ыдауға болады, кетемін деп. Алайда ол тыңдамады, қайта-қайта қайтарып жұмыс істетті. Енді міне, аяғым осындай жағдай орын алып еді, Жаңаөзендегі ауруханаға әкеліп тастады.

Дмитрий Хианиди қазір жергілікті ауруханада алғашқы көмек алып жатыр. Бүгінде ол өзінің Грекиядағы ескі мекенжайын есіне түсіріп жатыр. Жуырда Дмитрийдің Жаңаөзендегі балалар үйінде немересі бар екендігі белгілі болды. Қазірде екеуінің де барар жері жоқ. Жапа шеккен азаматтың немересін отанына жіберуге полиция қызметкерлері көмектесеміз деп уәде еткен көрінеді.

Жұрағат БАМАН