Русский Сайттың толық нұсқасы

Боливияда күннің күрт суытуынан мал қырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2014
  • 1134

Боливияда күннің күрт сууынан ірі қара қырылуда. Жергілікті фермерлер жалғыз табыс көзінен айырылып, шығынданып жатыр.

Мәселен, Санта-Крус департаменті бүгіннің өзінде 60-тан астам мал қырылғанын санап үлгерген. Жалпы, суық фронт Боливияға көршілес Аргентина жақтан келді. Нәтижесінде ауа температурасы күрт төмендеген.

Бұған қоса, орталық америкалық мемлекеттің бірқатар аумағында қарлы бұрқасын мен күшті жел болды. Жергілікті билік елде электрқуаты іркіліспен жұмыс істеп тұрғанын және ағаштар құлап, үйлер қирап жатқандығын хабарлауда.

Жұрағат БАМАН