Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы отандық өнеркәсіп үшін оң ықпалын тигізеді

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2014
  • 892

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы отандық өнеркәсіп үшін оң ықпалын тигізеді. Интеграция еліміздің түрлі өндіріс салаларына инвестиция ағынын арттырып, білікті кадрлардың даярлануын қамтамасыз етеді. Бастысы - экспорттық потенциалымыз артады, -  дейді Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ құрылса, үш елдің ішкі жалпы өнімнің көлемі 2 триллион доллардан асады.

Бақтыбай Қасымбеков, ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы:

Экспорттық потенциалдың, осы үш мемлекеттің сауда айналымы қазір 24 миллиардтан астам долларына жетті. Ол дегеніңіз Қазақстандағы жоғары, құнды тауарлардың экспорттық потенциалының өсуі. Бұл өте Қазақстан үшін, 17 миллион халықпенен 170 миллион халықтың нарығындағы салыстырмалы түрде бұл әрине бізге пайдасы орасан зор екенін көрсетеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА