Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент мәжілісі мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2014
  • 1109

Парламент мәжілісі Қазакстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және елде тұруға ықтияр хаты бар тұлғаларға мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Яғни, азаматтарға қаржысын көлеңкеден шығарып, ел экономикасына инвестициялауға мүмкіндік жасалып отыр. Алайда, коррупциялық жолмен келген табысқа амнистия жасалмайды. Десе де, табыс жемқорлықпен келді ме, әлде адал термен жетті ме, оны кім және қалай анықтайды деген сұрақ мазалайды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі:

Оны анықтау деген, мысалы, мемлекеттік органдар оны сотта бір нелер болып жатса, тергеу іс-қимылдар болып жатса, мына легализация өткесін белгілі болса, ол жария етілген жоқ деген шешім қабылданатын болады.

Дүние мүліктің рақымшылығынан кейін экономикаға 10-12 млрд доллар түседі деген болжам бар. Алайда, бұл ерікті шара. Тығып отырған табысын көлеңкеден шығарғысы келмегендерге лаж жоқ.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі:

Ол тығып отырса, ақша жұмыс істемесе, ертең қосымша табыс болмайды.
Экономикаға құйған кезде банк шоттарында ұстаса, процент алады. Немесе жекешелендіру ретінде объектілерді алса, оның арқасында бизнес құрып, қосымша табыс таба алады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ