Русский Сайттың толық нұсқасы

«Протон-М» зымыран-тасымалдағышы 20 маусымда ұшырылмайтын болды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2014
  • 1141

«Протон-М» зымыран-тасымалдағышы 20 маусымда ұшырылмайтын болды. Бұл жайында Орталық машина жасау ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Александр Данилюкқа сілтеме жасап «Итар-ТАСС» хабарлайды.

Оның айтуынша, «бұл айда «Протондар» ұшпайды». А.Данилюк сондай-ақ, апатты тексеру комиссиясының 8 маусымда жұмысты аяқтайтынын да айтқан. Оның нәтижесі үкіметке жолданады, - деді ол. Ал «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы дереккөз «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылуы болжам бойынша 8 шілдеге ауыстырылғанын айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16 мамыр күні апатқа ұшыраған «Протон-М»-нің өртену себептері қазір анықталу үстінде. Алғашқы болжамдар да жоқ емес. Мамандар әзірге қозғалтқыштың шағын мойынтірегі істен шыққандықтан, апат орын алған болуы мүмкін деп отыр. Ал, нақты себебі осы аптаның соңында жарияланады.