Русский Сайттың толық нұсқасы

Сириядан соғыстан қашқанға босқын мәртебесі берілмеді...

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2016
  • 2181

Соғыстан қашып, Қарағандыдағы қайын жұртын паналап келген сириялық азаматқа «босқын» мәртебесі берілмейтін болды. Қазыбек би аудандық соты Ясер Алезалдиннің арызын қанағаттандырған жоқ. Отбасы мүшелері Сирияға қайту өмірлеріне қауіп төндіретінін қанша айтып түсіндіргенімен, не судья, не прокурор куәгерлердің дерегін дәлел ретінде қабылдамады. Судья арызданушыны Қазақстанға әкелген Түркия елшілігі мен Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің сотта куәлік етуіне де рұқсат бермеді.

Ербол Әбжанов, Қарағанды қаласының №2 қазыбек би аудандық сотының судьясы:

Бұл шешімге келіспесе, бір айдың ішінде қайта шағымдануына болады.

ІІД-не қарасты көші-қон полициясы соғыстан қашқандарға «босқын» мәртебесі берілмейді деп, Ясер Алезалдинді өз еліне қайтармақшы. Еліміздің «Босқындар туралы» заңының 12 –ші бабына сәйкес, ондай құқықтық статус ұлтына, нәсіліне, дініне және саяси көзқарасы бойынша қуғындауға ұшырағандарға беріледі екен.

 Отбасы мүшелері бұл шешімді әділетсіз деп отыр. Олар Сандуғаш Раисованың қақтығыстардың кесірінен, 6-ыншы баласын түсіріп алғанын, сондай-ақ, ДАИШ террористерінің Ясер мен 16 жастағы ұлын күшпен соғысқа әкетпек болғандарын алға тартып отыр.  Сондықтан Алезалдин  сотқа қайта шағымданбақшы. Еске салсақ, Ясер Алезалдин 1996 жылы Қазақстан азаматшасы Сандуғаш Раисовамен отау құрып, Сирияның Хама қаласында 19 жыл тұрған. Кәмелеттік жасқа толмаған 5 баласы бар. Отағасы өткен жылы ол жақтағы қақтығыстардан қашып, отбасымен Қазақстандағы қайын жұртына келген болатын. Егер, «босқын» мәртебесі берілсе, қазақ елінде біржола қалмақ ниетте. Ал егер, ол мәртебе берілмесе, Сандуғаш Раисова күйеуі мен балаларынан тірідей айырылуы мүмкін. 

Ясер Алезалдин, Сирия азаматы:

Қазір Сирия қалаларында әскери қақтығыстар тыйылған жоқ. Ол жақта өмір сүру мүмкін емес. Еліме оралсам,тірі қалмайтыным анық. Сондықтан, жоғарғы сотқа дейін барамыз. Қазақстан президентінен де көмек сұраймын. Отбасыма қатысты әділ шешім шығаруларыңызды сұраймын.

Алмагүл Раисова, Ясер Алезалдиннің қайын әпкесі:

Қазақстанға әкелді. Енді бұларды неге қайтадан сол соғысқа қайтарады? Мен соны түсінбеймін. Ал, Чечня соғысы болды  97 жылы.Сол кезде соғыстан қашып келгендер жүр ғой. Соларға «Босқын» мәртебесін қалай берді екен? Олар қандай документпен жүр екен. Ал, мына Ясер Алезалдинге келгенде неге солай болып қалды? Сіңлім де осы Қазақстан азаматы, Қарағандының тумасы.

Осындай, гуманизмнен де, логикадан да жұрдай көрінетін шешім...