Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоршаған ортаға зиян келтірген шымкенттік компания мемлекетке 4 млн 267 мың теңге өтемақы төлеуі тиіс

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2014
  • 1508

Күкірт қышқылын төгіп, қоршаған ортаға зиян келтірген компания мемлекетке 4 млн 267 мың теңге өтемақы төлеуге тиіс. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының прокурорлары табиғатқа залал келтіргені үшін улы қышқыл тасымалдаумен айналысатын мекемені сотқа берді.

Улы зат тиеп бара жатқан жерінде аударылып қалған жүк көлігінің тіркемесі «ДС-Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Отырар ауданы Темір ауылындағы базадан күкірт қышқылын артып шыққан автокөлік уран өндіретін «Заречное» АҚ-на бет алған екен. Бірақ болған жәйтті серіктістік басшылығы тиісті орындарға хабарлаудың орнына, заласыздандыру жұмыстарын өз беттерінше жүргізіпті. Қоршаған ортаға келтірілген залалды прокуратура өкілдері анықтамағанда, табиғатқа келген зиян жабулы күйі қалып қоятын еді, - дейді қадағалаушы орын қызметкерлері.

Экологтар, химиялық қалдық 12 шаршы метрге жайылып кеткенін анықтап берді. Қазір осы апатқа кінәлі деп танылған үш қызметкер әкімшілік жауапкершілшікке тартылып, 150 мың теңге айыппұл өндірілді.

Дәулет Тілемісов, ОҚО прокурорының көмекшісі:

Бұдан бөлек, аудандық прокуратурамен қоршаған ортаға келтірілген 4 млн 267 мың теңге залалды өндіру жөнінде «ДС-Транс» ЖШС орналасқан жері Қызылорда облысы болғандықтан, сол облысқа талап-арыз беріліп, азаматтық іс қозғалды. Азаматтық
іс қазіргі таңда қаралу барысында.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ