Русский Сайттың толық нұсқасы

Кедендік одақ пен бірыңғай экономикалық кеңістікке еңгелі бері Қазақстан экономикасында өсім байқалады

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2014
  • 1100

Кедендік одақ пен бірыңғай экономикалық кеңісітікке еңгелі бері Қазақстан экономикасында өсім байқалады. Елімізге тартылған шет елдік инвестициялар мен экспортталатын тауарлар көлемі артқан. Яғни, Қазақстан тек шикізат көзі ғана емес, өндірісі дамыған ел ретінде танылып үлгерді.

Ресми деректерге сүйеніп тарқатса, Қазақстанның Ресей мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 2013 жылы 24 млрд 2 млн долларға жетті. 2009 жылмен салыстырғанда, 87,6% өскен. 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан өндірісіне тартылған шет ел инвестициялары көлемі 88% артып, 3 млрд 4 миллион долларға жетті. Экспорт 64 %-ға артып отыр. Төрт жыл ішінде елімізге тартылған жалпы инвестиция 28 млрд 3 млн долларға жетті. Экспортқа шыққан тауардың 54,3% дайын өнім күйінде сатылды.

Отандық шырын, көлік, құбырлар, трансформаторлар мен конденсаторлар экспорттын басым бағыттары болып отыр. Сонымен қатар, кондитерлік өнімдердің саудасы 9 есеге артып 35 млн долларды құрады. Макарон өнімдерінің экспорты 60%-ға, күріш - 5 есеге артты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ