Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақ Ресей инвесторларының ақшасынан бас тартпақ емес

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2014
  • 897

Еурокомиссия еуропалық энергетикаға құйылатын ресейлік инвестицияларды шектемейді. Бұл туралы Энергетика бойынша еурокомиссар Гюнтер Эттингердің ақпарына «ИТАР-ТАСС» сілтеме жасап хабарлауда.

Алайда, Ресей тарапына бірнеше шарт қойылған. Жобалар Еуроодақтың нормаларына және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай болуы тиіс. Сондай-ақ, үшінші энергопакет тәртіптері де орындалуы міндет.

Жалпы, үшінші энергопакет газ өндіруші компанияларға өнімді Еуроодақ аумағына тасымалдауға тыйым салады. Олар өз өнімдерін сату керек немесе газ құбырларын басқаруды еуроодақтың тәуелсіз компанияларына өткізуі керек.

Ресей тарапы бұндай талап Еуропалық одақты тұрақты газбен қамту мүмкіндігін шектейді, дейді. Бұған қоса «Южный поток» жобасы аясындағы жаңа транспорттық инфрақұрылым құрылысы тоқтап қалу қаупі бар дегенді алға тартады.

Жұрағат БАМАН