Русский Сайттың толық нұсқасы

Аспан асты елінде 2015 жылдан бастап бала туу көрсеткіші бірден артпақ

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2014
  • 1311

Қытай көбейгелі жатыр. Аспан асты елінде 2015 жылдан бастап бала туу көрсеткіші бірден артпақ. «Бір отбасына бір бала» қағидасы жұмыс істемей қалды. Келер жылы Қытайда 2 млн бала дүниеге келеді деп күтілуде.

Пекиннің өзінде дәрігерлер туу көрсеткішінің жоғарылағанын айтады. Және алдағы 5 жылда 270 мың сәбиді күтіп отыр. Билік бүкіл ел бойынша перзентханаларда қосымша орындар ашып, акушер дәрігерлерді оқытып жатыр. Ал жергілікті ақпарат құралдары қазірдің өзінде кей өңірлерде перзентханалардың толып тұрғанын жазады.

Айта кетерлігі, өткен жылы Қытай билігі ерлі-зайыптылардың бір отбасында жалғыз бала болса, екінші перзент тууға рұқсат берген еді. Елде ондай отбасылардың көп екенін ескерсек, туу көрсеткішінің не себепті артып отырғанын түсінуге болады. Ал бұған дейін ондай мүмкіндік екі жақтан да бауырлары жоқ ерлі-зайыптыларға ғана берілген еді. Мемлекеттік отбасылық саясатқа енгізіліп жатқан өзгерістер қартайып жатқан ұлт мәселесін шешуге сеп болады деп күтілуде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ