Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде ҰБТ-де бірнеше адам айыппұл төлеп, 12 адам қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2014
  • 1411

Өскеменде Ұлттық бірыңғай тестілеудің бүгінгі сынағы барысында бірнеше адам айыппұл төлеп, 12 адам қамауға алынды. Тест тапсырушы түлектердің жақындары мен ата-аналары аудиторияға ұялы телефондар мен шпаргалкалар өткізуге әрекеттенді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дейін полиция қызметкерлері оқу орнының ғимаратын толық бақылауға алса да, ата-аналар мен жанкүйерлер қауымы оқушыларға барынша көмектесуге тырысты. Бірі ұялы телефон мен өзге де көмек құралдарын терезеден лақтыру барысында қолға түссе, енді біреулер жасырын камера мен рация пайдаланбақшы болғандары үшін әшкере болды. Жалпы бұл күні тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 12 азамат уақытша қамауға алынды.

Марат Дубаев, Өскемен қалалық «Ертіс» полиция бөлімі басшысының орынбасары:

Олар өздерінің наразылықтарын білдірді. Адамды түсінбейсіңдер, мұндай сәтте көмек көрсетуге болады дегенді айтады. Ал біз заң алдындағы міндетімізді орындадық.

Кейбір түлектер болса тыйым салынған құрылғыларды пайдаланып, "шпоры" қолданғандарын жасырмады да.

Әли Әлібеков, түлек:

Почему не списывал? Списывал. Конечно, скрывать не буду, но забрать не смогли. Шустрые возьмут ЕНТ, которым повезет.

Дегенмен ұлттық тестілеу орталығының мамандары мұндай жағдайлар ара-кідік болды деп санайды. Тест тапсырушылардың басым бөлігінің қатаң бақылауда болғанын, сынақ тапсыруға жағдай жасалғанын айтуда.

Қанат ОРАЛБЕК