Русский Сайттың толық нұсқасы

Актөбеде темекіге қарсы акция өтті

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2014
  • 1719

Темекіні таста да, ұтып ал». Ақтөбеде осындай атаумен өткен акция мәресіне жетті.

Шараға мұрындық болған азамат Абат Қаратаев 25 жыл бойы көк түтінмен уланып келдім, дейді. Жаман әдеттен арылғысы келген оны салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қолдаған. Психолог, нарколог дәрігерлердің жіті бақылауымен 11 ақтөбелік темекіні тастауға бел буды. 5 ай ішінде олардың 6-уы темекіден толық арылса, қалғандары шегетін шылым көлемін азайтқан.

Арасында 20 жыл бойы темекі тартқан әйел де бар. Шараның қорытындысы ретінде темекіден бас тартқан ақтөбеліктерге спорт залдары мен бассейнге жолдама табысталды. Сонымен қатар, дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күнінде флешмоб пен веложарыс ұйымдастырылды.

Мансұр ЕСҚОЖИН