Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы жаһандық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналды

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2014
  • 1218

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы жаһандық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналды. Күні кеше Астанада қол қойылған келісім қызу талқыға түсуде. Әлемдік масс-медиа «Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары экономикалық одақ құрды» деп жар салуда.

Американдық «Нью-Йорк Таймс» одақта Украинаның жоқ екенін астын сызып көрсетсе, немістің «Дойче велле» басылымы Қазақстан, Ресей мен Беларусь Еуроодаққа бәсекелес болуды көздеп отыр деп жазады. «Рейтерс» пен «Евроньюс» та 170 миллион адамы бар ірі экономикалық одақ құрылды деп басты беттеріне жарқырата жазды.

«USA Today» «Путин Кеңес одағын қайта жандандырғысы келеді», - деп экономикалық одаққа саяси астар берді. Ал, ресейлік ақпарат көздері келісімнің оң және сол жақ тұстарының бүгі-шүгесіне дейін үңілді. «Дума Президент Назарбаевтың ұсынысын қолдайды», - деп жазуда.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құжатты көп созбай ратификациялау керектігін айтқан. Беларусь ақпарат құралдары президент Александр Лукашенконың сөздерін келтіріп, оның ұстанымын жақтап отыр. Қырғызстан мен Арменияда да басты тақырып осы. Әсіресе, Серж Саргсянның өз елін екі-үш апта көлемінде одаққа кіргізу жайындағы өтініші негізгі тақырыпқа айналған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА