Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда В.Ганяны іздеу барысында салғырттық танытқан полицейлер жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2014
  • 1052

Қостанай облысының полиция басшылығы салғырттығы үшін жазаланды. 7 жасар Виктория Ганяны іздестіруді бір айға созған қызметкерлер жұмысы қоғам тарапынан қатты сынға алынғаны мәлім. Облыстық ішкі істер департаменті басшысы бұйрық шығарып, өзінің екі орынбасарын, барлық тергеу-оперативтік топ мүшелерін және Рудный қаласы Ішкі істер басқармасының басшылығын қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартты.

Рудныйда сәуір соңында жоғалған жеткіншек жайындағы хабар қоғамға кең таралды. Белгісіз ер адам ұрлап әкеткен қызды тәртіп сақшыларынан бөлек жүздеген еріктілер іздестірді. 22 мамырда еріктілердің бірі баланың мүрдесін Рудный-Тобыл тас жолы маңындағы құрылыс аумағынан тапқан. Кейін жоғалған қыздың ата-анасы оның Виктория Ганя екенін растады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ