Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана қаласы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша ең жоғары көрсеткішке жетті

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2016
  • 1749

Астана қаласы жалпы ішкі өнім бойынша ең жоғары көрсеткішке жетті. Оның көлемі бүгінде 4 трлн 560 млрд теңгені құрайды. Мұны Президент Ақордада шаһар әкімі Әділбек Жақсыбековті қабылдаған кезде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананы тұрғызуға 6 трлн теңге жұмсалғанына да тоқтала кетті. Оның 4 триллионы - мемлекет қаражаты. Бүгінде қала өзін толық ақтап отыр және өсу қарқыны жоғары,- деді Елбасы. Былтыр инвестиция көлемі 770 млн теңгеге жетті. Қала қазынасының 62 пайызын шағын және орта бизнестен түсетін табыс құрайды. Биыл 2,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Эту работу надо продолжать. Столица должна демонстрировать пример по всем направлениям. Город развивается. Собственные деньги на развитие имеются. И будет дальше расти. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ