Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстандағы АҚШ әуе базасы жабылады

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2014
  • 1094

Қырғыстанда АҚШ-тың транзиттік тасымалдауларын 13 жыл үздіксіз орындап келген «Манас» базасы жабылғалы жатыр. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі АҚШ полковнигі Джон Милардқа сілтеме жасай мәлімдейді.

База 2001 жылдан бері Ауғаныстанға жолаушылар мен жүк тасымалдап келген. Кезінде оны Америкада 11-қыркүйекте болған лаңкестікке жауап ретінде ашқан болатын. Осы уақыт аралығында база арқылы Ауғаныстанға 5 млн-ға жуық адам өткен. Бұл Ауған жерінде болған барлық бітімгер әскерилердің 98%.

Енді нысанның техникасы мен ғимараттары Бішкектің иелігінде қалмақ. Мүліктің жалпы құны 30 миллион долларға бағаланып отыр. «Манас» жұмысын тоқтатқан соң АҚШ Ауғаныстандағы әскери операцияларды Румынияның Констанца қаласы маңындағы әуежайдан жүргізбек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ