Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана қалалық жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес отырысы болып өтті

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2014
  • 1024

Өткен жылы Астанада құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық және энергетика саласында 32 миллион теңгеге қаржылық заң бұзушылық орын алған. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының Астана қалалық жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінде айтылды. Оның ішінде жемқорлық әрекеттер салдарынан 24 миллион теңге залал келтірілген.

Бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалып, тауарлар мен материалдар ұрланған. Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарына 6 іс түссе, біреуі салық басқармасында қаралып жатыр. Сондай-ақ, "сақалды" құрылысқа айналған нысандарға қатысты шағым айтушылар көп көрінеді.

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясының Астана қалалық жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Мысалы инфекциялық аурухана бар ел-жұрттың назарындағы. Сол сияқты 1-2 мектептеріміз бар. Неге осы уақытқа дейін сол шешімін таппады? Неге құрылыс уақытында бітпеді? Оған қандай кедергілер болып жатыр? Немесе оған жұмсалған ақша қаражатымыз қайда кетіп жатыр? Партиялық бақылау топтардан оған қандай көмек керек деген мәселенің төңірегінде.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ