Русский Сайттың толық нұсқасы

Отбасы бизнесі халықаралық форумы өтеді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2014
  • 2433

Бүгін Алматыда отбасылық бизнесті дамыту тақырыбында конференция өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясы мен Отбасылық бизнес ассоциациясы бірлесіп ұйымдастырды. Бүгінгі басқосу маусымның 4 мен 5 аралығында өтетін Отбасылық бизнесті дамытудың екінші халықаралық форумы қарсаңында өтіп отыр.

Нұр Отан партиясы қолға алған 12 ірі жобаның бірі «Мықты бизнес - қуатты мемлекет» жобасы Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Осы орайда конференцияға қатысушылар Қазақстанда отбасылық бизнесті жүргізудің тетіктері, кедергілері мен жетістіктері бойынша ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Ал ертең басталатын форумға еліміздің әр аймағынан үздік шыққан компаниялар мен кәсіпкерлер қатыспақ.

Ләззат Чинкисбаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы облыстық филиалының директоры:

Менің ойымша, аймақтар бизнесі жобасы кәсіпкерлер арасында бәсекелестік тудырып, жоғары деңгейге сай қызмет етуге түрткі болады.
Себебі әр өңір, әр қала жасаған жұмысының нәтижесін көрсеткісі келеді. Ал үздік шыққандар аймақтың алтын қоры атағына ие болады.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ