Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда ер азамат екі кісіні судан құтқарып қалды

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2014
  • 1032

Каспийдегі су аттракционында көңіл көтермек болған ағайынды қыз бен жігітті толқын әкете жаздады. Күшті жел мен ағын оларды теңізден 200 метрдей қашықтыққа ұзатқан. Теңізге ұзап бара жатқан екеуін кайтбордер Алексей Курятников байқап қалады.

Суда серуендеп жүрген ол екі адамның көмек сұрап жатқанын аңғарған. Жағадан соққан жел бірден жақындата қоймапты, бірнеше әрекеттен кейін спортшы жәрдем күткен екеуге қауіпсіз жақтан жақындайды. Тросты аттракционға байлап, теңізге кете жаздаған екеуді жағаға жақындатады. Екеуі де қатты абыржыған. Ең қызығы, ағайынды кәсіпкерлердің екеуі де суда жүзе алмайды екен.

Илхам ИБРАГИМ