Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанға келіп жатқан қытайлықтардың саны артқан

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2014
  • 1083

Елімізге өткен жылдары 11 мың 171 қытайлық келген. Бұл көрсеткіш республикамыздан шыққан Қытай азаматтары санымен салыстырғанда, айтарлықтай көп. Осындай мәліметті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі жариялап отыр, - деп хабарлайды «ҚазТАГ» агенттігі.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға түрлі мақсатпен 41 мың 735 Қытай азаматтары келген екен. Көршілес мемлекет азаматтары көп жағдайда жеке мақсатта келсе, биылғы жылы олардың 4 мың 733-і - қызмет бабымен, 3 мың 918-і - турист ретінде, қалғандары тұрақты мекен етуге келген.

Тағы бір айта кетерлік жайт, қытайлықтардың Қазақстанға инвестициялық мақсатта және ем қабылдауға келмейтіні аңғарылады.