Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде үздік студенттерге облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2014
  • 1459

Ақтөбеде үздік студенттерге облыс әкімінің стипендиясы таратылды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта өткен шараға аймақтың үздік оқушылары мен түрлі сындарда жүлделі орынға ие болған жастар қатысты.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов үздік көрсеткіштермен ерекшеленген 300-ге жуық дарынды студентті атап өтті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі шара кезекті еңбек жасақтарының жұмыс маусымын ашуға ұласты.

Елбасының 2005-ші жылғы жолдауында айтылған - «Жасыл ел» студенттер бірлестігі осымен 10-шы маусым қызу науқанға кірісті. Елді мекендерді күл-қоқыстан арылтумен қатар, құрылыс жұмыстарына да өз үлесін қосатын студенттер үшін бұл - тәжірибемен қатар, жазғы жұмыспен қамтамасыз ететін бірден-бір табыс көзі болмақ.

Камила
Шалиева, студент:

Жыл сайын осындай стипендия иегерлерінің қатары өскенін қалаймын. Жаңа белестерге жетуге мұрындық болады. Және еліміз бен үкіметтің бізді қолдайтындығын сеземіз. Еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін ескерсек, біздер бір орында тұрып қалмай, білгенімізді дамыту керек деп ойлаймын.

Мансұр ЕСҚОЖИН