Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС салынатын өңір әлі қарастырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2014
  • 1471

Қазақстанның алғашқы атом электр станциясы қай өңірде бой көтеретіндігі әлі нақтыланған жоқ. Бұл туралы журналистермен кездесуде Парламент Сенатының депутаты Ақан Бижанов мәлімдеді. Оның айтуынша, алдын-ала үш аймақта экологиялық тексерулер жүргізіледі. Олар Каспий теңізі мен Балхаш көлі жағалауы және Курчатов қаласының аймағы. 

Ақан Бижанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Шешілмеген мәселе, оны әлі ойластырады. Үш вариант бар деп естігенмін мамандардан. Каспий жағынан, Балхаш жағынан және өзіңіз айтқан Курчатов жағынан деп. Ол әлі шешілмеген мәселе. Оны келешекте экология жағын қарап, басқа жағын, анау келетін установкалардың технологиялардың қазіргі дәрежеде ме, қандай, оның бәрін қарап, біздің мамандар тиісті ұсыныстар береді. Ол енді келешектегі мәселе.

Еске салайық, жуырда "Росатом" басшысы Сергей Кириенко атом станциясының құрылысы Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласы аймағында жүргізіледі деген. "Қазіргі таңда құрылыс құжаттары әзірленіп жатыр. Оның ішінде техникалық-экономикалық, экологиялық жобалық құжаттамалар әзірленбек. Оған бір жарым жылдай уақыт керек", - деген-ді Кириенко. Дегенмен, еліміздің атынан АЭС құрылысы туралы ресми мәлімдеме болған жоқ. 

Жұрағат БАМАН