Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияның Бодрум қаласындағы саммитте Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысы Абдулла Гүлмен кездесті

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2014
  • 1405

Түркияның Бодрум қаласында өтіп жатқан түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төртінші саммиті аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысы Абдулла Гүлмен кездесті.

Президенттер "Жаңа қарым-қатынас" атты біріккен экономикалық бағдарлама аясында стратегиялық байланысты арттыру жолдарын қарастырды. Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан өз елінің негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екеніне тоқталды. Сондай-ақ, қос елдің оқу орындарында білім алмасушы жастардың саны артқаны қарым-қатынасқа оң ықпал еткенін атап өтті.

Бүгін сондай-ақ Елбасы Түрікменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхаммедовпен кездесті. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, мұнай-газ, транспорт, мәдени-гуманитарлық саладағы негізгі мәселерді пысықтады. Қазіргі таңда екі жақты байланыстың әлеуеті толық пайдаланылмай отырғаны сөз болды. Алдағы уақытта "Қазақстан-Түрікменстан-Иран" жаңа темір жол желісі арадағы жүк тасымалын арттыруға сеп болмақ.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ