Қазақстандық шекара
бекеттерінде радиациялық мобильді бақылау жүйесі орнатылады. Бұл туралы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жаңа құрылғы әзірге
3 шекаралық бекетке қойылды. Құзырлы мекеменің пайымынша, бақылау жүйесін пайдалануда
қиындықтар туындамауы тиіс. Себебі "Семей" бақылау-өткізу бекетінің
әскерилері, "Солтүстік" өңірлік басқармасы мен Орал шекара қызметі
технологияны басқару бойынша апталық курстан өткен. Әскерилерді оқыту батыстық
бағдарлама бойынша жүргізіліпті.
Алматыда өткен курстарға АҚШ энергетика
министрлігінің ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық әкімшілігінің мамандары
арнайы шақыртылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері жаңа технологиялар
аса маңызды бекеттер арқылы радиациялық, химиялық және биологиялық заттардың
сыртқа шықпауын қамтамасыз етеді дейді.
Николай Тындык, ҚР
ҰҚК ШҚ шекара бақылау басқармасының аға кеңесшісі:
Маусымның 3 мен
6-сы аралығында шекара қызметі академиясында шекара бақылау қызметі әскерилерін
мобильді радиациялық бақылау құрылғыларын қолдану бойынша оқыту курстары өтті.
Аталмыш технологиялар Кеден одағы елдерінің ішкі шекарасында радиациялық
бақылау жүргізуге арналған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ