Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәрім Мәсімов Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюкпен кездесті

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2014
  • 1089

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, сапар аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.

Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюкпен келіссөздер барысында Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастарды дамыту жағдайы мен перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, Еуропалық кеңес төрағасы Херман Ван Ромпеймен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық кеңестің екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері қаралды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ