Бүгін Бурабайда Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің
27-ші жалпы отырысы жұмысын бастады. Жиын Елбасының Халықаралық бюро көрмесінің
туын қабылдауымен басталды.
Отырыста Үдемелі индустриялық-инновациялық
даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыруға шетелдік
инвесторлардың қатысуы мәселесі талқыланады деп жоспарланған.
Негізгі баяндамаларды
Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет
Исекешев пен Еуропа қайта құру және Даму банкінің президенті Сума Чакрабарти
жасайды. Жиынға Азия даму банкі, Табиғи
ресурстар жөніндегі Еуразия корпорациясы, «Baker&McKenzie», «Сбербанк», «BG
Group», «General Electric», «ЛУКОЙЛ», «Cameco», «Shell» жетекшілері қатысуда.
Екі күнге жалғасатын кездесу жайында толығырақ қорытынды жаңалықтарымыздан көре
аласыздар.