Русский Сайттың толық нұсқасы

Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары 4 жылға бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2014
  • 1490

"Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Арман Құмашев 4 жылға бас бостандығынан айырылды",- деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.

Шенеунік 2013 жылдың тамыз айында қамауға алынған болатын. Оған Сатпаев су арнасына алынған гидроқұрылғының құнын арттырып, мемлекет қазынасының 1 миллиард 200 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр.

Сонымен қатар, Құмашев бюджеттен аталмыш су арнасының жөндеу жұмыстарына арналған 6 жарым миллиард теңгені қолды етпек болған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ