Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас прокурор: жол-көлік оқиғасына нашар жолдар себеп

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2014
  • 1158

Еліміздегі жол көлік оқиғалары кезінде өлім-жітімнің көбейуі жолдардың сапасыз болуынан. Бас прокурор Асхат Дауылбай осыны мәлімдеді.

Айтуынша, жазым болғандардың 61% - елді мекендерден алшақ жолдарда қайтыс болған. Яғни, бұл жерлерде сақтық шаралары қолданылмай, инфрақұрылым тартылмады, дейді ол. Әсіресе, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әкімдік өкілдері сын ескертпе алды. Бұл өңірлерде салалық бағдарлама орындалмай, өрескел қателіктерге жол беріліп отыр. Тіпті, жол белгілері де жоқ болып шықты. Өзге өңірлерде де жағдай көңіл көншітерлік емес деп шүйлікті бас прокурор.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА