Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей мұнайы Қазақстан арқылы Қытайға тасымалданбақ

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2014
  • 1336

Ресей мұнайы Қытайға Қазақстан арқылы тасымалданбақ. Мәжіліс «Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға ресей мұнайын тасымалдаудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған келісім 2013 жылдың аяғында Мәскеуде жасалған. «Құжат ресей мұнайын жылына 7 млн тонна көлемінде ұзақ мерзімді тасымалдауға жағдай туғызады. Бұл ретте Омбы-Ертіс-Атасу-Алашанькоу тасымал бағыты бойынша магистральдық құбырлар жүйесіне қол жеткізу құқығы қамтамасыз етіледі. Магистральды құбырдың өткізу мүмкіндігін он миллион тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігі де ескерілген, - дейді Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

Айтуынша, мұнай тасымалдау тарифі бес жылға бекітіледі. Тасымалданған мұнайдың әрбір тоннасы үшін АҚШ долларымен есеп айырысу қарастырылады. Қазақстан тарапы мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерге нөлдік мөлшерлемемен қосымша құн салығын салуды көздейді. Бұл ретте еліміздің салық заңнамасына сәйкес, мұнайды тасымалдау қызметі халықаралық тасымал ретінде қарастырылады.