3
жылдық республикалық бюджет жобасы қандай бағаммен бекітілетіні қарашаның
16-сында белгілі болады. Бұл туралы журналистерге Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов
айтты. Өткен аптада демалыссыз жұмыс істеген үкімет мүшелері доллар құнының
теңгеге шаққандағы тұрақсыздығына байланысты бюджетті бекіте алмай отырғандарын
айтқан болатын.
Бірақ
қаржы министрі бүгін Мәжілістің пленарлық отырысына бұл мәселемен емес,
мемлекеттік сатып алу жөніндегі жаңа заң жобасын таныстыра келген-ді.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне байланысты заңға бірқатар
өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Мәселен, мемлекеттік органдардың сатып
алуларында «қазақстандық үлес» немесе «отандық өнім» деген түсініктер жойылады.
Яғни елдің ішкі тендерлеріне шет елдік компаниялар да тең жағдайда қатыса
алады деген сөз. Депутаттар заң жобасы отандық кәсіпорындарды үлкен табыстан
айыруы мүмкін дейді. Дегенмен, халықаралық ұйымдар шарты осындай көрінеді.
Бақыт
Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
Еуразиялық
экономикалық одақтың мемлекеттік сатып алуларға қатысты заңнамасында отандық
өнімге басымдық беруді болдырмайтын нормасы бар. Барлығына тең құқық берілуі
керек. Дәл осындай шарттар ДСҰ-нда да бар. Сондықтан біз мойнымызға алған
міндетімізді атқаруға тиіспіз.
Мәжілістің
пленарлық отырысында қабылданған кезекті заң жобасы азаматтарымыздың мәдениетін
жоғарылатуды көздейді. Құжат спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа
да іс-шаралар өткізу кезіндегі ұйымдастырушылардың жауапкершілігін күшейтеді.
Азаматтардың аталмыш орындарға спирттік ішімдіктерді алып кіруіне тыйым
салынады. Тәртібі қатаң алаңдар қатарына цирк пен ипподромдар да енді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ