Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәулен Әшімбаев: Қазақстандық депутаттар ЕАЭО аясындағы ортақ валютаға қарсы

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2015
  • 1085

Қазақстандық депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта енгізу ұсынысына қарсы. Және Ресей мемлекеттік думасының депутаты Леонид Слуцкий бұл сұрақта Қазақстанның ұстанымынан хабардар,- дейді Мәулен Әшімбаев.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы біздің арнамызға, бұған дейін қазақстандық депутаттар ресейлік әріптестерімен бұл мәселені талқылаудан бас тартқандығын да жеткізді. Депутат Слуцкийдің осы мәселелерді біле тұра жасаған мәлімдемесі - өз сөзі, ал біздің көзқарасымыз әлдеқашан айқындалған,- деп жауап берді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл мәселе Леонид Слуцкий бастаған ресейлік депутаттар делегациясы Астанаға келген кезде де сөз болған. Бірақ біз бұл мәселені талқылаудан бас тарттық. Сондықтан Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ортақ валютаға қатысты позиция белгілі. Бұл ұсынысты қолдамайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ