Бүгін Алматыдағы Төтенше жағдайлар
департаменті ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Жүздесу барысында
солтүстік айналма жолында орналасқан сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету тақырыбы сөз болды.
Өткен 2013-жылы «барахолка» базарында
жүргізілген тексеріс жұмыстарының қорытындысы жарияланды. Төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметке сәйкес,
сауда орынында өрт-техникалық қауіпсіздікті ескермеу, нақтырақ айтқанда,
автоматты өрт дабылы болмауы, тамақтану орындарында газ баллондарын пайдалану
және көшіру жолдарын бөгеу фактілері анықталған. Нәтижесінде 26 сауда
нүктесінің үстінен экономикалық сотқа шағым түсірілген.
Ардақ Басқанбаев, Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт сөндіруді
бақылау бөлімінің бас маманы:
Техникалық тексеріс бойынша 320 өрт техникалық ережелерін бұзу фактісі
анықталып, 1 млн 300 мың теңге көлемінде айыппұлдар салынды.
Маржан СЕРІКҚЫЗЫ