Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда аптап ыстықтан бұрқақтарға шомылғандарды полицейлер ұстады

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2014
  • 1112

Ел жаңалықтарына оралсақ. Қоғамдық тәртіпті бұзған Қостанай тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Ол басқа ермек таппағандай, өзен жағалауында орналасқан декоративті су бұрқақпен ойнапты. Яғни, оның қарқынын баспақ болып, жоғары атқылаған суға өз денесін тосып тоқтатуға тырысқан. Жігіттің мұндай дөрекі әрекеттері шұғыл басқару орталығының бейнебақылауына түсіп қалады.

Оқиға орнына жедел түрде жеткен полицейлер бұзақылық жасаған тұрғынды ұстап, әкімшілік хаттама толтырды. Енді ол, он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл төлейді немесе он тәулікке қамалатын болады.

Заңғар САНАЙ