Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем
чемпионатында алғашқы тең ойын тіркелді. Нигерия құрамасы Иран командасымен
кездескен. Бұл матчта қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпаларына нәтижесіз
шабуылдар жасаумен болды. Ақыры командалар бiрде-бiр гол сала алмай, тең
тарқасты. Есесіне, Германия құрамасы Португалияны ойсырата
жеңді. Бiрiншi таймның 12-минутында Португалия ойыншысы Перейра Гетценi шалып
жыққан.
Айып добын соққан Томас Мюллер есеп
ашты. Жиырма минуттан кейн Хуммелс есептi
еселесе, 46-минутта Мюллер есептi 3:0-ге жеткiздi. Екiншi таймда да португалдар
немiстердің қарқынына төтеп бере алмай сан соқты. 78-минутта Томас Мюллер тағы
бiр голын соқты. Осыдан соң Криштиано Роналду бастаған команданың немiс машинасына
қарсы ешқандай қауқар көрсете алмайтыны белгілі болған еді. Есеп 4:0.
Келесi ойынды Германия Ганаға қарсы өткiзедi. Германия
канцлерi Ангела Меркель құраманы жеңiсiмен құттықтады. Топтық
кезеңде Гана мен АҚШ құрамалары да кездесті. АҚШ командасының капитаны Клинт
Дэмпси ойынның 29-секундында гол соқты. Бұл әлемдiк доп додасында соғылған ең
жылдам гол болып отыр.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА