Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек ері» атағы берілді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2016
  • 1475

Елбасы Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек ері» атағы берілді. Сексеннің сеңгіріне келген қайраткер азаматқа «Алтын жұлдыз» төсбелгісін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тақты. Президенттің бүгінгі Жарлығында отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке жоғары дəрежелі  - «Қазақстанның Еңбек ері» атағы берілсін делінген. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовті 80 жасқа толған мерейлі мерекесімен құттықтады, оның отандық зиялы қауымның көрнекті өкілі екенін айрықша атап өтті. «Сіз «Невада-Семей» қозғалысын басқардыңыз, Семей ядролық полигонын жабуға зор көмек көрсеттіңіз. Қазақстан шекарасын демаркациялап, тәуелсіздігін нығайту керек болды. Бұл істе де Сіздің үлесіңіз бар», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Зиялы қауым деген халықтың түсінігінде әр уақытта білімді, білгер, тәжірбиелі, халқының алдында жүретін, халқын бастайтын адамдар болып саналады. Қуанышында да халқымен бірге болады, ренжішінде де халқымен бірге болады. Телісі мен тентегіне жол сілтейді. Елдің бірлігін, мемлекеттің мықтылығын сақтайды. Сондай зиялы интеллигенттің біреуі өзіңсің. Тәуелсіздік жылдарында тура сөзіңді айтып келе жатырсың. Біреулер түсінеді, біреулер сынайды, біреулер қолдайды, оған қарамадың. Сондықтан жастарға, зиялы қауымға үлгі болып келе жатырсың.

Олжас Сүлейменов, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері:

Халқымыз, еліміз аман болсын деп жазғанбыз бәрін, бүгінде соны айтам. Елдің болашағы жарық болсын, жарқын!  Еліміз, тіліміз де мәңгі болсын! Елбасымыз да аман болсын! 

Берік ХАСЕНОВ