Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддер қаласында сүт зауыты басшысының ұлына тиесілі көлік 5 жыл ішінде 3 адамның ажалына себеп болды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2014
  • 1603

Риддер қаласында сүт зауыты басшысының ұлына тиесілі көлік 5 жыл ішінде 3 адамның ажалына себеп болды. Жергілікті тұрғындардың бұл дерегін облыстық ішкі істер департаменті мамандары да растап отыр.

Құзырлы мекеменің ақпарына сай, Риддердегі сүт зауыты бастығының 22 жастағы ұлы 2010 жылы 79 жастағы зейнеткерді қағып өлтірген. Ол кезде жеткіншек сотталмақ тұрмақ, жүргізуші куәлігінен де айырылмаған. Қаза тапқан зейнеткердің туыстары материалық көмектен соң, арыз жазудан бас тартады. Араға 1 жыл салып аталмыш азамат 60 жастағы ер адамды қағып өлтірген. Бұл жолы да күдікті рахымшылыққа ілігіп, жазадан құтылып кетеді.

Енді міне мамыр айының 30-ы күні сол азаматқа тиесілі Лексус-570 көлігінің соққысынан жас қыз ажал құшты. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Аталмыш іске қатысты тергеу амалдары жүргізілді, қазір материалдар сотқа жіберуге әзірленіп жатыр. 

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД ақпараттық бөлім басшысы:

Риддер қаласында жол көлік апаты салдарынан азаматша көз жұмды. Оқиғаға қатысты өз еркімен көлік иесінің жұбайы тізгінде отырғанын айтып келді. Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айта кету керек, автокөлік иесі осыған дейін де Риддер қаласында осындай жол көлік апатын жасаған болатын.

Қанат ОРАЛБЕК