Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жазасын өтеушілер қазақ халқының ұлттық ойындарынан бақ сынады

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2014
  • 1295

Спортта шек жоқ. Орал қаласындағы РУ-170-те 2 тәртіптік мекемесінде жазасын өтеушілер қазақ халқының ұлттық ойындарынан бақ сынады. Алдымен, гір тасын көтерген сотталғандар аударыспақ ойынына құлшына қатысты.

Абақтыға жылқы малын кіргізуге болмайтын болған соң, жазасын өтеушілер бір-бірін арқалап, ойынды одан әрі қыздыра түсті. Жеңіске жеткендерді ынталандыру мақсатында ақшалай сыйлық та қарастырылған. Бірақ, жарысқа қатысушыларды жүлдеден гөрі тума-туыстарымен кездесуге берілер мұрсат қызықтырған тәрізді. Өз қарсыластарын оңай-ақ аударғандары, аяғының күшін сынап, армрестлингінде бақ сынасты.

Тайман Қазиев, Орал қаласындағы РУ-170/2 түзету колониясы бастығының орынбасары:

Жазасын өтеушілер мұндай шараларға белсене қатысады. Өйткені, уақыттары көңілді өтеді. Сонымен қатар, осындай жарыстарға жиі қатысса, түрлі ынталандыру сыйлықтары беріліп, бостандыққа мерзімінен ертерек шығуы да мүмкін.

Асылбек Байжазықов, жазасын өтеуші:

Бірінші орында денсаулық қой. Әрі осындай жерде отырған кезде денсаулық керек. Онсыз болмайды. 65 көтердім, бірінші шығып 65 көтердім. Енді бұдан да көп көтеріп жатыр адамдар. Тырысамыз
ғой.

Еркін ҚАРИН