Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл елімізде алғаш рет Мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтіледі

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2014
  • 1436

Бүгін Мемлекеттік қызметкерлер күні. Мереке елімізде тұңғыш рет аталып өтілуде. Бұл дата Президент Жарлығымен былтыр ғана бекітілді.

2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйым 23-маусымды мемлекеттік қызметкерлері күні деп белгілеуді ұйғарды. Дәл сол кезде халықаралық ұйым барлық елдерді осынау датаны өз деңгейінде атауға үндеді.

Айта кетерлігі, Қазақстанда 90 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. Олардың орта жасы 48-де. Қызметкерлер біліктілігін арттыруға жыл сайын жіті көңіл бөлініп, сала реформаланып жатыр.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хабарлауынша, бұдан былай қызметке аяқ басқандар мен осы салаға қайтып оралғандар салтанатты түрде ант қабылдайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ