Русский Сайттың толық нұсқасы

Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов сот алдына келді

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2014
  • 1694

Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов сот процесінің ашық өткенін қалайды. Бұл жөнінде ол Алматы ауданының нөмірі екінші сотында біздің арна тілшілеріне баяндады.

Саят Шаяхметов, айыпталушы:

Я одно могу гарантировать. С моей стороны не будет никаких ходатайств о том, чтобы делать данный процесс закрытым. Вы все узнаете в рамках судебного процесса.

Нұрлан Бейсекеев, адвокат:

Сот отырысының жабық есік жағдайында өтуі мүмкін емес. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 29-бабында жариялылық принципі бар. Сот оны сақтауы керек. Бұл жөнінде Жоғарғы соттың көрсеткішті қаулысы бар. Онда БАҚ өкілдерінің қатысуы міндетті делінген.

Бұрынғы вице-министр Саят Шаяхметовтің ісіне қатысты сот отырысы бүгінгі күнге белгіленген еді. Алайда қорғаушылардың арызы бойынша іс қалалық сотқа жөнелтіліпті. Бірақ арыздың мән-мағынасы туралы қорғаушы Нұрлан Бейсекеев тұшымды жауап бермеді. Десе де бүгінгі отырыстың болмайтынынан айыпталушы тарап хабардар болмай шықты.

Айта кетерлігі, Саят Шаяхметов сотқа күзетсіз өз аяғымен келді. Ал келесі отырыстың қай кезде өтетіні әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Саят Шаяхметовке қарсы қылмыстық іс өткен жылдың 29 сәуірінде қозғалды. Қаржы полициясы оған Өскемендегі білім мекемесінің құрылысы кезінде 1 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын иемденді және ысырап қылды деген айып таққан болатын. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ