Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының «Жол бойында қабылдау» республикалық акциясы басталды

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2016
  • 2222

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Жол бойында қабылдау» акциясы өтуде. Аталған шара алдымен Шығыс Қазақстанда басталды. Саяси ұйым жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінің белсенділері, полицейлер мен заңгерлер шалғай аудандарды аралауға кірісті.

Бірінші бағыт - Қатон-Қарағай өңірі. Арнайы топ өкілдері дәл күре жолдың бойында қоғамдық қабылдаулар өткізіп, жүргізушілердің арызын тыңдады. Көлік тізгіндеген азаматтардың жолдың жағдайы мен полицейлердің қызметіне қатысты пікірі тыңдалды. Сауалнамаға жауап берген жүргізушілерге аты-жөнін көрсетпеуге мүмкіндік берілді.

В первую очередь, чтобы дороги были в порядке, аварии в основном происходят из-за ям.

«Жол бойындағы қабылдау» акциясы жүргізушілердің жол полициясы қызметкерлеріне деген сенімін арттырмақ. Сондай-ақ, темір тұлпар тізгіндегендерді жолдағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады. Өйткені өлім-жітім азаяр емес. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 340 жол апаты тіркелген. 50 адам қаза болып, 400-ден астамы жарақат алды. Сондықтан партия өкілдері түсіндіру, ескерту шараларын жүргізіп, бұқараны толғандырған мәселелерді өтініш ретінде қабылдап алып жатыр.

Әнуарбек Мұхтарханов, «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары: 

Тек қана жол мәселесі емес, кез келген мәселе бойынша біздің ШҚО кез келген тұрғыны осы акцияны ұйымдастырып жүрген полиция қызметкерлеріне, "Нұр Отан" партиясының қызметкерлеріне кез келген сұрақпен қатынасуына болады. Бұл ең алыс аудандарға бара жатыр. Жол бойында басқа елді мекендерге тоқталатын болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ