Қазақстан
Түркия-Ресей қарым-қатынасының нашарлауына алаңдаушылық білдіреді. Түркия әуе
күштерінің Ресей әскери ұшағын атып түсіруіне қатысты бүгін елдің Сыртқы істер
министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Онда бұл оқиға лаңкестікке қарсы
кампанияның тиімділігіне әсер ете ме деп қауіптенеді делінген.
Бұл ретте
Қазақстан қос тарапты да ұстамдылық танытуға шақырады. Жағдайды одан әрі
ушықтырмау үшін қажетті шараларды пайдалануға үндейді. Сондай-ақ министрлік
ресейлік әскери ұшқыштардың қазасына байланысты көңіл айтқан. Ал парламент
қабырғасында журналистерге сұхбат берген вице-министр болған жағдай
елшіліктерде сараланып жатқанын айтты.
Самат
Ордабаев, ҚР Сыртқы істер вице-министрі:
Түркия
да, Ресей де - біздің стратегиялық әріптестеріміз. Қазір жағдайды мұқият
саралауға тырысып жатырмыз. Стамбұлда да, Мәскеуде де консулдықтарымыз
бар, ондағы қызметкерлерге де жағдайды бақылауда ұстау туралы тиісті тапсырма берілді. Дәл қазір нақты бірнәрсе
айту қиын.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА