Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде той көлігін суға сүңгіткен жүргізуші 5 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2014
  • 1230

Той көлігін суға сүңгіткен жүргізуші 5 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Әкімшілік сот барысында Айбар Сахипов өзінің мас күйінде рөлге отырғандығын мойындады. Оның сөзіне қарағанда, мерекелік шеру кезінде темір тұлпарының жылдамдығын шамамен сағатына 80 шақырымға дейін жеткізген. Бірер секундқа жолдан көз алған сәтте рулге ие бола алмай, Сазды өзенінің аңғарына түсіп кетеді.

Еске салайық, 14 маусымда Ақтөбедегі тойдың бірі осындай оқыс оқиғаға ұласқан болатын. Суға күмп берген көлікте жүргізушіден өзге 3 жолаушы - қалыңдық пен екі куәгерлері отырған. Абырой болғанда, жолаушылар дін аман. Ал «Лексус» автокөлігін жөндеуге тура келеді. Ақтөбелік фемида өкілдері өзен аңғарына асып кеткен бұл алғашқы көлік емес дейді. Мұндай жайт жыл сайын қайталанады. 

Сәуле Әбішева, Ақтөбе қалалық әкімшілік сотының судьясы:

Менің тәжірибемде мұндай оқиға үшінші рет кездесіп отыр. Барлығында да жүргізуші мас күйінде рөлге отырған. Әкімшілік кодекстің 467-бабы 3-бөлімі бойынша 5 жылға дейін көлік жүргізу мүмкіндігінен айыру қарастырылған. Айыпталушы бұл шешіммен келіспесе, арыздануға құқы бар.

Мансұр ЕСҚОЖИН