Русский Сайттың толық нұсқасы

Жерге қатысты сұрақтарды түсіндіруге әкімдер белсене қатысуы керек - Президент

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2016
  • 1379

«Жерге қатысты сұрақтарды түсіндіруге әкімдер белсене қатысуы керек». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстар мен Астана және Алматы қалаларының басшыларына осындай тапсырма жүктеді. Бұл туралы Президент Ақордада өткен әлеуметтік-экономикалық дамудың төрт айдағы қорытындысына арналған жиында айтты. Арнайы құрылған комиссия қолда бар заңды жетілдіре түсу үшін ортақ мәмілеге келу керектігін атап өтті. Президент «Нұрлы жол» бағдарламасының маңыздылығын кейбір әкімдердің түсінбей отырғанын сынға алды. Олар берілген қаржыны алуға асықпайтын көрінеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

В текущем году предусмотрено 840 млрд тенге. В феврале мы должны деньги доставить всем, и в марте все должно было работать. По данным, которые у меня есть, на сегодня перечислено только 8 процентов. Деньги даны. Неужели, вам доставить до областей так трудно было? 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

У нас недостатков в деньгах нет, это целевые трансферты из нацфонда. Это администраторы бюджетных программ на местном и на республиканском уровне в основном перебросили на второе полугодие.

Индустрияландырудың алты жылында пайдалануға берілген нысандар экономикалық жағдайға демеу болып тұр. Елбасы осыны баса айтты. Бағдарлама аясында 900-ден астам кәсіпорын іске қосылған. Дегенмен лентасы қиылып, жұмысын салтанатпен бастаған нысандардың көбі жобалық қуаттылығына жете алмады. Ақтөбе Маңғыстау және Шығыс Қазақстанда осындай кәсіпорындар қаңтарылып тұр. 21 өндіріс ошағы қарқын алып кете алмай, 13 кәсіпорын проблемалы деп танылған. Осы тұста Елбасы қаржыландыруға жататын жобаларды жіті таңдау керектігін тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев,Қазақстан Республикасының Президенті:

Например, в Костанайской области за 4 месяца текущего года допущен самый большой спад по стране. На 18 процентов. По информации министерства инвестиций и развитию, за 6 лет на реализацию программы индустриализации в Костанайскую область было направлено 120 млрд тенге. Реализован 81 проект. Тогда и должна быть отдача. Надо в этом разобраться.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

Критику принимаю. Мы приняли антикризисный план, простаивающие предприятия есть, мы их запускаем, у нас есть план.

Сондай-ақ Президент бірлікті сақтау жайына айрықша тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әлихан Бөкейхановтың сөзі еске түседі. «Бостандыққа апаратын, сақтайтын жалғыз жол - ұлттық ынтымақ қана». Осыған қосып айтатын нәрселер бар ма? Сондықтан елдің бірілігін сақтап, шашпай-төкпей 25 жылдықты дүние жүзі алдында атап өту керек. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ