Еліміздегі ірі инвесторлар өз өнімдерін сата алмай отыр. Бүгін олар қарағандылық билікке осы тақілеттес мәселелерді көлденеңінен қойып, шағымдарын
білдірді. Айтуларынша, шағын бизнес тендерлер мен мемлекеттік сатып алулар
барысында бағаны төмендетіп жібереді. Кездесуде құрылыс үшін жер учаскелерін
бөлуде, инфрақұрылымды ұйымдастыру және дайын өнімді өткізуде туындайтын
қиындықтар туралы сөз болды.
Артур Кефер, жылу құбырларын дайындайтын зауыт өкілі:
Бағаны анықтайтын мемлекеттік сараптаманың дайындығы жоқ. Өнімнің бір
данасына белгілі бір баға қойылсын деген сметалық құжат бар. Бірақ біз бұл
тәртіпке енбейміз. Біз мемлекет қамқорлығындағы мекемеге жатамыз, әрі жергілікті
өнім өндірушіміз, соған қарамастан біздің өнімді алмайды.
Ерлан Қайыров, ҚР Индустрия және жаңа технология министрлігі инвестиция
жөніндегі комитетінің төрағасы:
Барлық әкімдікке қысқа кездесулер болмасын деген ұсыныс айтамыз. Тараптар
арасында диалог болуы керек. Осындай кездесулер арқылы өзекті мәселелерді шешіп
отырамыз.
Базаргүл ІЗІМОВА